Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Жолжүк жоғалған немесе бүлінген жағдайда не істеу керек?

Жолжүк жоғалған немесе бүлінген жағдайда дереу Air Astana қызметкерлерімен немесе әуежайдағы Жоғалған жүкті іздеу қызметімен хабарласыңыз. Сізге мүлік жайы туралы есеп беріледі және жоғалған немесе бүлінген жолжүк туралы деректер жолжүктерді қадағалау жүйесіне ендірілетін болады.
Жолжүк жоғалған кезде, мүлік жайы туралы есептен анықтамалық нөмірлерін пайдаланып, жолжүгіңіз туралы ақпаратты мұнда басып біле аласыз.
Гаага хаттамасымен толықтырылған Варшава конвенциясына сәйкес, жоғалту, кешіктіру немесе бүлдіру үшін тасымалдаушының жауапкерлігі тіркелген жолжүктің 1 кг үшін 20,00 АҚШ долларымен шектеледі, Жолжүк бағалы деп есептелсе, оны сақтандырғаныңыз жөн.
Air Astana сынғыш, құнды немесе тез бұзылатын жолжүк үшін жауап бермейтінін ескеруді сұраймыз. Әйнегі сынған контейнерлер және сұйықтығы төгілген шабадандар үшін әуекомпаниялар жауап бермейді, жолаушылар әуеде тасымалдау үшін жолжүктің буып-түйілгендігіне айрықша назар аударуы тиіс. Қауіпсіздік мақсаттарында ақшалар, іскерлік құжаттар, зергерлік бұйымдар, күмістен жасалған бұйымдар, жеке дәрі-дәрмектер,  камералар, ноутбуктер және ұялы телефондар тіркелген жолжүк ретінде тасымалдана алмайды және жолаушылар оларды ұшақтың салонында алып жүруі тиіс.
Air Astana, көптеген ірі әуекомпаниялар секілді тіркеуден өтіп  бүлінген жолжүк үшін, атап айтқанда, жолжүктің сынған дөңгелектері, тұтқалары, жоғалған шанду белбеулері, сызат, дақ, майысу, кесілу және т.б. ұсақ зақымдар үшін жауап бермейді.
Осы мақала пайдалы болды ма?
Powered by Zendesk