Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Жүкті әйелдерге арналған арнайы ережелер бар ма?

Жүктілік уақыты 22 аптадан аспаған жүкті әйелдер дәрігерден ұшуды растайтын құжатты алмастан сапар шеге алады. Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 22 аптадан 34 аптаға дейін (екі нәрестелі жүктілік кезінде 22 - 32 аптаға дейін) медициналық ұжымның жүктілік уақыты мен жүкті әйел денсаулығының жарамдылығы туралы анықтамасымен тасымалданады. Жүкті әйелдер бір нәрестелі жүктілік кезінде 34 аптадан бастап (екі нәрестелі жүктілік кезінде 32 аптадан бастап) құзіретті медициналық комиссияның жазбаша түрде шешімдері бойынша тасымалданады. Егер жүкті әйелдің босану уақыты келесі 7 күн аралығында күтілген жағдайда, медициналық комиссияның жазбаша түрдегі рұқсатына қарамастан, әуекомпанияның оны тасымалдаудан бас тартуына құқығы бар. Жалпы жай-күйіне байланысты, ұшақ экипажы және жердегі қызмет көрсету өкілдері шешімімен, жүкті әйел тасымалдануға алынбауы мүмкін. Толығырақ ақпарат үшін мұнда басыңыз.
Осы мақала пайдалы болды ма?
Powered by Zendesk