Skip to main content

Көмек орталығы

calendar
Мысалы: Жүк , Check-in

Ұшу кезінде үй жануарларын бірге алып жүруге болады ма?

Ия, әрине, бірақ рейстің басынан аяғына дейін жануарды осындай мақсаттарға арналған арнайы контейнерде ұстау қажет. Контейнердің ең үлкен көлемі - 30 x 47 x 27 см (барлық үлгідегі әуе кемелері үшін, тек Embraer 190 үшін контейнер 29 x 43 x 26 см көлемінен аспауы тиіс). Салмақтың ең жоғарғы мөлшері - үй жануары мен контейнерді қоса есептегенде 8 кг болуы керек. Бір жолаушыға бір контейнер рұқсат етілген. Сондай-ақ, үй жануары тіркелген жолжүк ретінде әуе кеменің жолжүк бөлігінде (мөлшерден артық жолжүктің еселенген құны қолданылады) немесе жүк ретінде тасымалдана алады (арнайы жүк мөлшерлемесі қолданылады). Құстар мен кеміргіштерді ұшақ салонында да, тіркелген жүк ретінде де тасымалдауға болмайды. Құстар мен кеміргіштерді әуе көлігінің жүк бөлімдерінде тасымалдауға рұқсат беріледі. Шағын балықтарды тасымалдау үшін қажетті: 1 аквариум немесе қақпағы бар шыны ыдыс (оның ауа өткізетін тесігі болуы тиіс) және тасымалдау кезінде балықтардың аман-есен тіршілігіне жеткілікті су мөлшері болуы тиіс. Балықтарды полиэтиленді пакеттерде тасымалдауға тыйым салынады. Егер сіз Air Astana бортына жануарлар мен балықтарды алып жүргіңіз келсе, бұл туралы рейсіңізге 24 сағат қалғанда, саяхат бюросында сізге қызмет көрсететін агентке хабарлауыңыз қажет немесе Air Astana әуекомпаниясының арнайы қызмет көрсету бөліміне тиісті ақпаратты жіберуіңіз қажет (special.services@airastana.com). Нақты ақпаратты біздің веб-сайттағы "Жануарларды тасымалдау бөлімінен" алуыңызға болады.
Осы мақала пайдалы болды ма?
Powered by Zendesk