Жөнелтуге келесі типтер қабылданады:
1) Салмағы 5 кг-нан аспайтын жазбаша хат-хабар.
2) Салмағы 5 кг-нан аспайтын және мөлшерлері 35*45*15 см-ден аспайтын сәлемдемелер.
3) Бір конвертте 5 данадан аспайтын куәландыру немесе құқық белгілеу сипаттағы құжаттардың түпнұсқалары.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша сәлемдемеде дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы тауарлар фискалдық чек, препараттың атауы көрсетілген ЭШФ бар болған жағдайда жөнелтуге қабылданады. Биоүлгілер, зертханалық талдаулар, температуралық режимін қажет ететін немесе хладагентпен оралған дәрі-дәрмектер, сұйық дәрілік препараттар, ампуладағы дәрі-дәрмектер жөнелтуге қабылданбайды.
Жіберуге тыйым салынған заттар мен нәрселер:
1) қауіпті жүктердің барлық түрлері;
2) жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық және қызметтік қару, оқ-дәрілер, оларға арналған қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштар, спорттық садақтар мен арбалеттер, жарық, түтін және дыбыс сигналдарын беруге арналған қару, электр қаруы, электр шоқты құрылғылар мен ұшқын ажыратқыштар, сұқпалы суық қару, кистендер, кастеттер, мееркендер, бумерангтар және басқа да бейімделген заттар спорттық снарядтарды қоспағанда, соққы - ұсақтау, лақтыру, тесіп-кесу әрекеттері, екіұдай қолданылатын арнайы техникалық құралдар және оларға арналған жиынтықтауыштар;
3) есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар;
4) ядролық материалдар, радиоактивті, қатты әсер ететін, күйдіргіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, жару құралдары, пиротехникалық заттар және олар қолданылып жасалған бұйымдар және басқа да қауіпті заттар;
5) улар, улы жануарлар, улы заттар, улы өсімдіктер мен тұқымдар;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына және шетел валютасына;
7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездікке табынуды, зорлық-зомбылық пен порнографияны насихаттайтын немесе үгіттейтін баспа басылымдары, бейнелеу материалдары, кино -, фото -, аудио-және бейнематериалдар жатады;
8) тез бұзылатын тауарлар мен азық-түлік өнімдері;
9) өзінің сипаты немесе орамасы бойынша пошта қызметкерлері үшін қауіп төндіруі, басқа пошта жөнелтілімдері мен пошта жабдығын ластауы немесе бүлдіруі мүмкін заттар.
10) сұйықтықтар, майлар;
11) өсімдіктер мен гүлдер;
12) смартфондар, смарт-сағаттар, телефондар, ноутбуктер, планшеттер және құрамында литий-ионды батареялары бар басқа да жабдықтар;
13) бағалы жөнелтімдер (күмістен, алтыннан жасалған бұйымдар, асыл тастар және т.б.)
14) шыныдан, хрустальдан, т.б. жасалған нәзік заттар.
*Жөнелтім тасымалдауға рұқсат етілген мөлшерлер бойынша өтпесе немесе мазмұны күмәнді болса, әуе компания тасымалдаудан бас тартуға құқылы.